Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен төрт жастағы қызды тапты

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен төрт жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” арнасына қала тұрғынынан төрт жастағы қызы жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Анасы балаларымен қаладағы тіс емханаларының бірінде болған. Кішкентай қыз емханадан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы анықталды. Қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде кішкентай қыз екі сағат ішінде табылып, анасына табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру