Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Погон таққан ақмолалық отбасы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ.

Ақмола облысының Полиция департаментінде 60-тан астам отбасылық жұп жұмыс істейді. Халықаралық Отбасы күні қарсаңында өзінің тірегі және ішкі тыныштықтың себебі, Отанға қызмет етуге деген сенімділік пен ықылас, өзінің отбасы жалы полиция капитаны Мақсат Айсин айтып берді.

– Жұбайымды мектеп шағымнан білетінмін. Бірақ Алматы қаласындағы ІІМ академиясында оқып жүргенде дос болып араласа бастадық. Ол кезде мен 38-ші десанттық-шабуыл бригадасында әскери бөлімде жұмыс істедім. Келісімшарт аяқталғаннан кейін, мен ішкі істер органдарына қызметке орналасып, Сандықтау ауданының полиция бөлімінде жұмыс істей бастадым. Сания көші-қон қызметі тобының инспекторы болып жұмыс істеді. 2018 жылдың күзінде біз үйлендік, – дейді Мақсат.

Қазіргі кезде Мақсат Сандықтау ауданының ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі. Ол Шаңтөбе кентіне, Жамбыл ауылдық округіне қызмет көрсетеді. Сания Сандықтау ауданының ПБ көші-қон қызметі тобының инспекторы. Бақытты некеде жас Айсиндер екі баланы тәрбиелеуде: екі жасар қызын Ясминаны және тоғыз айлық ұлын Амирланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру