Шымкентте карантин талаптарын бұзған кафе анықталды
Шымкентте карантин талаптарын бұзған кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың 24 тамызында түнгі сағат 00-50-де Дулати көшесінде орналасқан “Бенжамин” кафесі карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.