Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бизнесмен, тергеуші және кәсіпкер: Алматы полициясы “көп функцияналды” алаяқты ұстады

Алматы полициясы “көп функцияналды” алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, шаһардың үш тұрғынын алдады деп 27 жастағы Е.есімді азамат күдікке ілінді. Оның әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 36 миллион теңгені құрады.

– Зардап шеккендердің бірінің нұсқасы бойынша, ол Е.есімді азаматты бұрыннан біледі, ол бірнеше тиімді тендерлерді ұтып алдым деп сендіріп бірлескен кәсіпке ақша салуды ұсынды. Оған қаражат аударылғаннан кейін ол хабарласуды тоқтатты. Сотқа дейінгі тергеу барысында тағы екі қылмыстық эпизод анықталды. Бір жағдайда, ер адам өзін тергеуші ретінде таныстырып, қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде беріп, басқа адамдардың ақшасын жымқырған, екіншісінде – элиталық автокөлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде еткен, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру