Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық ЖШС-нің бірінен станоктарды ұрлағандар қолға түсті

Қарағандылық ЖШС-нің бірінен станоктарды ұрлағандар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 тамызда ЖШС-ның бірінің директоры Қарағанды облысы Теміртау қаласының полиция бөліміне хабарласқан. 41 жастағы жетекшінің айтуынша, алты ай ішінде өз кәсіпорынының аумағынан бірнеше құрылыс аппараты жоғалған. Кәсіпкер келтірілген шығынды шамамен 2 800 000 теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлерінің сауатты іс-қимылы арқасында 32 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны кінәсін мойындады. Ол өңдеу аппаратын өзінің жеке өндірісін ашу үшін алғаны белгілі болды. Өндіріске қажетті заттарды ақша жұмсап сатып алғысы келмей кәсіпорыннан ұрлап кеткен. Іздеуші болмаған соң ұрлығын бірнеше рет қайталаған. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру