Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды
Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
10 қыркүйек сағат 00-00 де Еңбекші ауданы Рысқұлов көшесі бойында орналасқан “GOLDEN GAME” компьютер клубы карантин талаптарына бағынбай, келушілерді қабылдап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.