Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинге қарамастан, үйлену тойын өткізгендер анықталды

Шымкентте карантинге қарамастан, үйлену тойын өткізгендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 23 шілде сағат 21:10-да аудан аумағында орналасқан «Париж» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, үйлену той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізгендерден түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру