Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ұрлық қылмысына қатысы бар үш күдікті ұсталды

Түркістан облысында ұрлық қылмысына қатысы бар үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, өзінің үйіне түнгі уақытта белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, құрылыс жұмыстарына керекті құрал-саймандарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құрады.

Оқиғаны кентаулық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарын бастады.

Ұрлық орын алған жерге полиция қызметкерлері келіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде үш бірдей күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған орта жастағы үшеуді полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті үш ер адам жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстары өтіп жатқанын көріп, сырттай бақылап жүрген. Осылайша күдіктілер оңтайлы сәтті күтіп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде ұрланған құралдар толықтай заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру