Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кезекті мас жүргізуші ұсталды

Шымкентте кезекті мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Алайда полицейлердің тоқтатқанына қарамастан, жүргізуші бағынбауға тырысқан. Көлікті қуып жетіп, құжаттарын сұрағанда, оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Тәртіп сақшылары нақтылау мақсатында медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру