СҚО-да кітап оқитын сотталғандардың саны артып келеді
СҚО-да кітап оқитын сотталғандардың саны артып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында мекемедегі сотталғандар кітап оқуға деген асқан қызығушылықты таныта бастады. Айта кету керек, бұл үрдіс жыл сайын артып келеді.
– Соңғы жылдары сотталғандар арасында оқудың қарқынды өсуі байқалады. 2020 жылы сотталғандардың жалпы санының 53%-ы оқуға қызығушылық танытса, өткен жылы бұл көрсеткіш бірден 19%-ға өсті. Әйелдер көбінесе детективтер мен махаббат романдарын, ерлер – детективтерді, тарих және психология бойынша кітаптарды ұнатады, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
Солтүстік Қазақстан облысының бес мекемесінің кітапханаларында барлығы 29 384 кітап бар. Жыл сайын мекеме кітапханалары облыстық кітапханалармен толықтырылады, 2021 жылы облыстық кітапханалардан мекемелерге 450 жуық кітап берілді.
Соңғы бірнеше жылда сотталған әйелдер арасында танымал әдебиет рейтингісінің бірінші қатарында Лев Толстойдың «Анна Каренина», Исай Калашниковтың «Жестокий век», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» және «Мысли разных лет» шығармалары тұр. Федор Достоевскийдің «Өлі үйдің жазбалары» әңгімесін сотталғандардың көпшілігі жынысына қарамастан жақсы көрді.
– Өлі үйден алынған жазбалар – сотталғандар арасында танымал роман, кітаптың бүкіл сюжеті, бас кейіпкердің психологиялық көзқарасы сотталғандар тап болған жағдайды еске салады. Бұл еңбекте бәрі өмірден алынған секілді. Романда зиялы қауымнан шыққан дворянның әйелін қызғаныштан өлтіргенін суреттейді. Бас кейіпкер Омбы түрмесінде жазаны өтеудің он жылы туралы айтады, жіберу кезеңінен бастап, бостандыққа шығуға және өлімге дейін, – деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Жанна Шакиржанова.
Кітапта сотталғандардың тұрмысы мен еңбегін ұйымдастыру, сотталғандар арасындағы күрделі адами қарым-қатынастар, тұтқындардың ерекше иерархиясы, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда адам болып қалу қабілеті туралы баяндалады. Сотталғандар өз кезегінде жабық өмір жағдайларының қазіргі заманмен ұқсастығын іздеуге дағдыланған.
Сотталған Д. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Жұбайымен 15 жылдан астам өмір сүріп, ол үнемі ұрып-соғып, қорлауға ұшырады. Бір күні кезекті соққыларға төтеп бере алмай, Д. күйеуін пышақтаған. Әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша соттады, орташа қауіпсіз мекемеде оған 11 жыл уақыт өткізу міндеті тұр.
Қазір Д. тігін цехында жұмыс істейді және әдеби клубтың белсенді қатысушысы.
Бәрінен бұрын сотталушылар Лев Толстойдың «Анна Каренина» шығармасын жақсы көрді. Бұл жұмыс мектеп жасынан бастап бәрінің құлағында болды, бірақ бәріне уақыт жетпеді немесе шығарманы өз еркімен оқуға деген ықылас болмады.
– Бұл кітап мені Аннаның өмірінің тереңдігімен, оның қоғамның пікірімен күресуімен, шындыққа, шынайылыққа, қарым-қатынастағы адалдыққа деген ұмтылысымен қызықтырды. Роман махаббаттың күші, алыстағы балаларға қамқорлық жасау туралы ойлануға мәжбүр етеді. Менің де балаларым алыста, оларды сағынамын. Достоевскийдің «Өлі үйдің жазбалары» мені де бей-жай қалдырмады. Бұл шығарманы қазіргі таңда төртінші рет оқып отырмын. Әр оқыған сайын бұған дейін мән бермеген қырлары ашылып жатыр. Бас кейіпкермен бізде бас бостандығынан айыру мерзімі бірдей. Басты кейіпкерден өзімді танитындаймын. Мен онымен әр сәтті бірге бастан өткеремін. Кітаптың әрбір жолы, әрбір беті менің ертеңгі күнге деген сенімді ұялатады. Мен босатылғаннан кейінгі жарқын болашағыма сенемін. Білім – күш деп бекер айтылмаған. Енді мен бәріне мүлдем басқа көзбен қараймын, енді менің көзім ашық,- деді сотталған Д.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар тек кітап оқып қана қоймай, кітап жазады. Әйелдер колониясында сотталған Т. жазған «Қателік бағасы» кітабы бар. Жинаққа оның 40-тан астам шығармалары енген. Оның кітабын 25 данамен шығаруға мекеме әкімшілігі көмек көрсетті.