Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кезекті той тоқтатылды

Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 10 шілдесінде сағат 14:04-те Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент холл» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар нысан ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ 200 адамға арналған «Қыз ұзату» тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру