Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефонды қолды қылған шымкенттік ұсталды

Ұялы телефонды қолды қылған шымкенттік ұсталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу аялдамада сөмкесінен құны 80 000 теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру