Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пәтер өртеніп, бір адам көз жұмды

9 шілде күні Сәңкібай батыр көшесінде пәтер өртеніп кетіп, нәтижесінде бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күннің бірінші жартысында жатақхана бөлмелерінің бірінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы 18 шаршы метрді құрады. Зардап шеккен пәтер иесі 43 жастағы ер адам “80% дененің термиялық күйігі” диагнозымен жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Есін жимастан, ер адам қайтыс болды. Пәтер иесі жалғыз тұрды.

Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда. Сондай-ақ, сот-медициналық және өрт техникалық сараптамалары тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.Полиция департаменті үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады;

– шамдарды терезе, перделер мен төсек жапқыштарының жанында қалдырмаңыз;

– төсекте, сондай-ақ жанғыш материалдар сақталатын жерде темекі шегуге болмайды;

– сөндірілмеген сіріңкелерді тастамау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру