Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде күнделікті рейдтік іс-шараларды өткізуде. Кезекті шара барысында 11 сәуір күні сағат 17:00 ден 01:00 аралығында қызмет атқарған 3-рота қызметкерлері қызмет инспекторлары Б.Айдаров пен Н.Джанабаев өздерінің бекітілген аумақтарына жұмысқа шығады.

Қызмет барысында ВАЗ «С448ТХ48» мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі автокөлік иесі жол жүру ережесін бұзғанын байқайды. Автокөлікті жүргізушісінен көлік құралын тоқтатуды сұрағанда, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне бағынбай қарсылық көрсетті. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, жүргізушінің масаң халде болғанын анықтады.

Аталған жайт бойынша «ВАЗ» көлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен хаттама толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру