Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған әйел бас бостандығынан айырылды

Қызылорда облысында жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған әйел бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша бір жыл алты ай мерзімге сотталған А. есімді әйел жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, сотталған А. есімді әйел пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеген, яғни шақырту қағаздарын уақытылы ала тұра келмеген.

Сонымен қоса, бұған дейін сотталған А. есімді әйелге қатысты 2020 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотымен бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным қаралып, ұсыным толығымен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алайда, оған қарамастан сотталған әйелмен жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық қайталануда.

ҚР ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін делелсіз себептермен бірнеше рет келмеуі – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады.

14 сәуір ұсынымды негізінен қарау барысында прокурормен сотталған әйелдің жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.

Осыған орай, сотталушы А. есімді әйелдің бас бостандығын шектеу жазасының сегіз ай жиырма төрт күн өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады.
Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру