Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жұмысқа орналастыруға уәде берген тағы бір алаяқ ұсталды

Қызылордада жұмысқа орналастыруға уәде берген тағы бір алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуірде облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған. Арызында танысы сеніміне кіріп, өткен жылдың желтоқсан айында 500 мың теңге көлемінде сыйақыға жұмысқа орналастыруға уәде бергенін көрсеткен. Алайда, танысы уәде еткен жұмысқа орналастырмаған және ақшасын да қайтармаған. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып, ұсталды. Ол 34 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру