Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде күнделікті жұмыс атқаруда.
Қызмет барысында ВАЗ маркалы Ресей Федерациясына тиесілі автокөлік иесі жол жүру ережесін бұзғанын байқайды. Автокөлік жүргізушісінен көлік құралын тоқтатуды сұрағанда Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, жүргізушінің мас халде болғанын анықтаған.
Аталған жайт бойынша ВАЗ көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.