Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Браконьер”: Ақмола облысында қарағай ағашын ұрлаған ер адам ұсталды

Ақмола полицейлері “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында ағаш кесу және орман ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Сандықтау ауданының Лейковск орманшылығының аумағында 6,38 текше метр ағаш ұрлығы ашылды.

55 жастағы жергілікті тұрғын “Қарағай” тұқымды ағаштарды кескені, ағашты өзінің жүк көлігіне тиегені анықталды, бірақ оны Сандықтау ауданының ПБ қызметкерлері қылмыс орнында ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, қаскүнемге қатысты заңсыз ағаш кескені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының аумағында браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау мақсатында “Браконьер” жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
Өткен кезеңде ақмолалық полицейлер табиғатты қорғау заңнамасы бойынша 177 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде, аң аулау ережелерін бұзудың 112 және балық аулау ережелерін бұзудың 55, орман екпелерін заңсыз кесу бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру