Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта рульге отырған

Степногорск қаласында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта рульге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек сағат 20:30 шамасында Степногорск қаласының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде Степногорск қаласының 42 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Caldina маркалы автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші каннабиноидтарды пайдаланудан туындаған есірткіден мас күйінде болған. Тексеру барысында “Буран 13” экипажының қызметкерлері Алмат Мусин мен Нұрлан Қуанышпаев бұл азаматтың ағымдағы жылдың шілде айында жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы “келу міндеттемесі” таңдалды. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл тұрағына қойылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы ҚК 346-бабының санкциясы бойынша бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру