Шымкентте мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Шымкентте мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 ақпанда ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Алайда полицейлердің тоқтатқанына қарамастан, жүргізуші бағынбауға тырысқан. Көлікті қуып жетіп, құжаттарын сұрағанда оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас халде екені анықталған.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.