Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жалған аудио жазба таратқан ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағандыда жалған аудио жазба таратқан ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында желіде таралған жалған ақпарат анықталды. Желі қолданушының бірі аудандағы мекеменің басшысы коронавирусқа қарсы екпе алып, өзінің денсаулығына қауіп төндірді деген аудио жазба жариялаған.

Жазба авторын анықтау бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 45 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат мәселенің мән-жайына бармай, жалған ақпарат таратқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына (Көрінеу жалған ақпарат тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру