Шымкентте “Мигрант” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Шымкентте “Мигрант” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап “Мигрант” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Сондай-ақ аталған іс-шараның барысында төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға ықпал ету.
“Мигрантд” іс-шарасы ағымдағы жылдың 19 ақпанына дейін жалғасады.