Шымкентте ПД-ның басшылық құрамы студенттермен кездесті
Шымкентте Ішкі істер органдарының 30 жылдығына орай құқық қорғау қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
М. Әуезов атындағы университет ғимаратында өткізілген шараға қалалық Полиция демартаментінің басшылық құрамы мен заң факультетінің оқытушылары және студенттер қатысты.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары білімгерлерге баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, шара барысында “Әкімшілік полицияның қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету” және “Ішкі істер органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру” мәселелері төңірегінде сөз қозғалды.
Сондай-ақ, студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін мазалаған сауалдарын жолдап, жауап алды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – қауіпсіз қоғам қалыптастыруды жас буын өкілдерінен бастау және олардың заң тұрғысынан білімдерін арттыру.