Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жасөспірімнің телефонын ұрлап кеткен тараздықтар құрықталды

Түркістанда жасөспірімнің телефонын ұрлап кеткен тараздықтар құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоғамдық көлікте ұялы телефонын ұрлатып алған әйел арызданып, полицейлердің көмегіне жүгінді. Әйелдің айтуынша, қоғамдық автобустардың бірінде белгісіз біреулер оның кәмелетке толмаған ұлына тиесілі Samsung смартфонын ұрлап кеткен. Ұрланған мобильді құрылғының құны шамамен 90 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында бірнеше сағат ішінде Түркістан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Тараз қаласының тұрғындары болып шықты.

Сонымен қатар, қалта ұрыларының тағы екі телефон ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

Бүгінгі күні аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдіктілерден ұрланған телефондар заттай дәлел ретінде алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Жинақталған құжаттар тергеу аяқталғаннан кейін заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру