Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейді балағаттаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды

Шымкентте полицейді балағаттаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы қоғамдық асхананың алдында өзін дұрыс ұстамай, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан масаң күйде ер адам бар деген хабарлама түскен.

Барлық жағдайды анықтау үшін оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, тәртіп бұзушыны тыныштандыруға тырысқан. Оның заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде ер адам учаскелік полиция қызметкеріне дөрекі сөздер айтып, ар-намысына, абыройына және қадір-қасиетіне нұқсан келетін анайы сөздермен балағаттап, жария түрде қорлаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, тәртіп бұзушы «орта дәрежедегі» мас күйде болғаны анықталды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігіне (Билік өкiлiн қорлау) сәйкес, қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру