Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер халықпен кездесу өткізді

Шымкентте полицейлер халықпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Полиция жаныңызда" республикалық акциясы аясында Еңбекші ауданы полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов учаскелік инпекторлармен бірге жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты - халықпен кері байланысты нығайту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтарды толғандыратын мәселелерді ашық талқылап, шешімін табу.

Шара барысында аудан тұрғындары белсенділік танытып, өз ұсыныстарын айтып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Тәртіп сақшылары барлық сауалға толыққанды жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы баяндап, учаскелік инспекторлармен кері байланыс орнату жолдарын еске салды.

Кездесу ашық әрі конструктивті түрде өтті. Айта кетейік, мұндай кездесулер полиция мен халық арасында әріптестік орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру