Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер кезекті беташар тойын тоқтатты

Шымкентте полицейлер кезекті беташар тойын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.

19 қыркүйек сағат 14:06-да аудан аумағында орналасқан «Зумрат» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, 40 адамнан асатын беташар тойын өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру