Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған тұрғынының жеке жер телімінен 78 қарасора бұтасы алынды

Жезқазған тұрғынының жеке жер телімінен 78 қарасора бұтасы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйекте “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліміне ақпарат келіп түсті. Қаланың белгілі бір тұрғыны өзінің жеке учаскесінде өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатындығы туралы хабарлама келді.

Полиция күдіктінің 49 жастағы ер адам екендігін анықтады. Күдікті тұратын жеке үйді рұқсатты түрде тінту кезінде екі полиэтилен пакет, ерекше иісі бар жасыл зат салынған екі қағаз сәлемдеме табылып, алынды. Ал жер учаскесінде қарасораға ұқсас 78 бұта өсімдіктері алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру