Шымкентте полицейлер "Қару” іс-шарасы барысында 400-ден астам қару иесін тексерді
Шымкентте полицейлер "Қару” іс-шарасы барысында 427 қару иесін тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап республика көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шараның басты мақсаты - азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
17-19 мамыр аралығында Шымкент қаласының полицейлері іс-шара барысында 427 қару иесін тексерді. Анықталған кемшіліктер бойынша қару иелері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы 17 маусымға дейін өткізіледі.