Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта тамақтану орындарының иесі жауапқа тартылды

Сарыағашта карантин талаптарын сақтамаған тамақтану орындарының иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында. Полиция қызметкерлері арнайы құрылған мобильдік топтармен бірге жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп келеді.

Мәселен, Сарыағаш ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған бірнеше нысандарды анықтады.

Қаладағы “Чикен бургер” және “Ais Doner” лаваш орталығы мен “ЖН Инста бар” орталығының қызметкерлері карантин талаптарын сақтамай, бетпердесіз жұмыс істеп тұрды. Жылдам тамақтану орындарының иесіне қатысты құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдарды жинақтап, тиісті заңды шешім қабылдау үшін аудандық СЭББ-ға жолдады.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды карантин талаптарына сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру