Шымкентте полицейлер қызметтік иттің көмегімен ұрыны қолға түсірді
Шымкент полицейлері қызметтік иттің көмегімен ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу компьютерлік клубынан өзіне тиесілі төрт дана «PlaуStation» ойын құрылғыларын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын 500 000 теңгені құрайды.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері «Альфа» атты қызметтік итінің көмегімен ұрыны анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.