Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Үш бөлмелі пәтер алып беремін”: шымкенттікті 3 млн теңгесіз қалдырған әйел ұсталды

“Үш бөлмелі пәтер алып беремін” деп шымкенттікті үш миллион теңгесіз қалдырған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші арызында әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін деп алаяқтық жолмен 3 076 000 теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі №50 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқ әйелді анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру