Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер “гашиш” есірткі затын сатушыны ұстады

Жамбылдық полицейлер “гашиш” есірткі затын сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 18 шілдесінде “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қайнар-Қордай” автожолында ВАЗ-2107 маркалы автокөлігін тоқтатты.

Полицейлер көлікті тінту барысында Тея атты қызметтік иттің көмегімен көлік жолаушысы Шу қаласының 25 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы төрт келі болатын “гашиш” есірткі затын тапты.

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру