Шымкентте полицейлер тұрғынды 1,2 млн теңгеге алдаған алаяқ әйелді ұстады
Шымкентте полицейлер тұрғынды 1,2 миллион теңгеге алдаған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 8 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Х.есімді әйел жағдайы төмен отбасыларға пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп 1 200 000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған қаржысын кері қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті әйелді анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.