Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жоғалған 2 бас жылқыны тапты

Түркістандық полицейлер жоғалған екі бас жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР қызметкерлері өздерінің әкімшілік аумақатарын аралап жүрген кезінде Жарылқапов көшесінің бойында екі бас жылқының қараусыз жүргенін көреді. Содан түркістандық полицейлер иесін анықтау мақсатында жылқыларды басқармаға жеткізеді. Полицейлер жылқының иесін табу үшін іздестіру жұмыстарын жүргізіп сұрастырды. Нәтижесінде жылқының егесі анықталды. Жоғалған мал егесі басқармаға жеткізілген жылқыларына келеді. Сондай-ақ құны 1,5 миллион теңге болатын жылқыларының қолды болып кетпеуіне атсалысқан полицейлерге өз алғысын айтты.

– Менің екі бием түнде шығып кетіп, түнімен іздеп таба алмадым. Міне бүгін Түркістан полицейлері биелерімді тауып берді. Бұл кісілерге алғысымыз шексіз. Көп рақмет!


Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру