Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызды ұрып, құрбысының көлігін бүлдірді: Теміртауда екі күдікті әйел ұсталды

Теміртауда 25 жастағы қызды ұрып, құрбысының көлігін бүлдірген екі күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне сауда нүктелерінің бірінің жанында жанжал болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Теміртау қаласының ПБ Патрульдік полиция батальонының ең жақын жасағы жетті.

Белгісіз екі әйелдің 25 жастағы бойжеткенмен жанжалдасқаны белгілі болды. Кенеттен болған жанжал кезінде олар жәбірленушіге дене жарақатын салған, сондай-ақ құрбысының көлігіне зақым келтірген.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция күдіктілерді 28 және 31 жастағы екі әйелді ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру