Шымкентте полицейлер жоғалған әйелді тапты
2020 жылдың 3 қаңтарында Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын 2019 жылы 27 желтоқсанда 27 жасар жұбайы үйден шығып кет кетіп, қайта оралмағандығы туралы арыз түсті деп, – хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында ағымдағы жылдың 7 қаңтарында жоғалған әйелді тауып, үйіне қайтарды.
Әйелдің өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді.
Өз кезегінде әйелдің жұбайы үлкен, қажырлы, жауапты жұмысы үшін полицейлерге алғысын білдіріп, қызметте табыс тіледі.