Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері 100 келіден астам балық аулаған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

2000 метрге жуық балық аулау торы бар Ағымдағы жылдың 6 қаңтары күні сағат 16:30 шамасында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы Ақтоғай ауданындағы Шұбар-түбек кентінде жақын жерден ВАЗ-2105 көлікті тізгіндеген 43 жастағы және УАЗ көлігін басқарған 46 жастағы екі ауыл тұрғындарын ұстады.

УАЗ автокөлігінің ішінен 95 келі балық пен 1400 метр қытайлық желі табылды. Сондай-ақ, ВАЗ 2105 автокөлігінен 300 метр қытай торы мен 6 келіден астам балық болған. Ұсталғандар өздерінің торды пайдаланып Балқаш көлінен заңсыз балық аулағандықтарын мойындады. Аталған факті бойынша ҚРК ӘҚ туралы заңының 383 бабы 3 бөлігі бойынша (заңсыз балық аулау) әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру