Үрлемелі матрацпен сырғанаған пранкерлер жазаланды
Петропавл көшелерінде үрлемелі матрацпен сырғанаған пранкерлерді полицейлер жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
«Хайп» ойдағыдай шықпады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар матрацқа мініп алып қала көшелерінде сайран салған бейнелерін орналастырған бұзақыларға қатысты бірауыздан өздерінің қарсы пікірлерін білдірді.
Кешке 7 қаңтарда қалалық әлеуметтік желілердің топтарында орталық көшелердің бойында көлікке тіркелген үрленген матрацқа мініп, жүріп өткен жас жігіттердің тобы туралы бейне жарық көрді. Бейне көңілді музыкамен, түрлі түсті бояуларды жарумен және әдепсіз сөздермен сүйемелденген. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері аты шулы бейне түскен барлық қатысушыларды анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Еш жерде жұмыс істемейтін 19 бен 20 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олардың бірі жуырда Ресей Федерациясынан келген. Автокөліктің жүргізушісі де анықталды. 1987 жылы туған петропавлдық айдың-күннің аманында еш ойланбастан осындай күмәнді трюкті жасауға келіскен. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттердің осылайша «хайп, адреналин алғысы келгендері» және әлеуметтік желілерді қолданушылардың көңілдерін көтермекші болғандары белгілі болды. Мұндай қалжың жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін кеш ұғынған. Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Әлібек Ғабдуллинннің айтуынша, тәртіп сақшылары заңмен қарастырылған барлық шараларды қабылдаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралв Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық», 593-баптың 2-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау» және Жол қозғалысы ережелерінің басқа да өрескел бұзушылықтары бойынша материалдар жиналып, сотқа жіберілді.
Сондай-ақ полицейлер қалалық танымал пабликтер мен қауымдастықтардың әкімшілерін саналы болуға шақырады. Осындай бейнероликтерді таратпас бұрын әлеуметтік желілердің таспасын күн сайын әр түрлі жастағы және денсаулығы түрлі жағдайдағы адамдар көретінін естен шығармаған жөн. Зейнеткерлер үшін мұндай контент үрей туғызатын болса, мектеп оқушылары үшін еліктеудің үлгісі болары анық. Пранкты ұйымдастырушылар өз істеріне өкінбесе де, көпшілік алдында күмәнді қалжыңдары үшін кешірім сұрады. Пранкерлер Кирилл мен Тимур камераға қарап әлеуметтік желілердің пайдаланушылары алдында шын көңілден кешірім сұрап, ешқашан мұндайды қайталамауға шақырды.
Былтыр облыс жолдарында 30 адам қайтыс болған. Бұл сандардан төмендеу байқалғанымен, көпжылдық тәжірибе жолдың қателікті кешірмейтіндігін көрсетті. Абырой болғанда қаңтарда орын алған қалжың пранкерлер және сол сәтте олардың айналасындағы еш кінәсіз жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қайғылы жағдаймен аяқталған жоқ. Полицейлердің айтуынша, осындай қалжыңды пранкерлер лайк жинау мен Ютубта танымал болу үшін жасайды, ал ең бастысы оның зиянын, күмәнді қалжыңды кейбіреулердің қайталауы мүмкін екендігін ұмытып жатады.