Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция есірткі жеткізу арнасын жойды

Шымкентке есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында пәтер жалдап тұрған 24 жастағы шетел азаматы ұсталды. Ол синтетикалық есірткіні тұрмыстық техника ішіне жасырып, Шымкент қаласына жолдап отырған.
Ер адамнан 650 грамнан асатын мың доза "синтетика" тәркіленді. Қара нарықтағы бағасы - 16 млн теңге.

Видео • YouTube

Қазіргі таңда жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру