Шымкентте «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Шымкентте «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпанда қала аумағында «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – криминогендік ахуалды тұрақтандыру, ішкі істер органы есебінде тұрған, сонымен қатар соттылығы жойылмаған және алынбаған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеу.
Еңбекші ауданы аумағында профилактикалық есепте тұратын 163 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша бақыланды. Оның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған төрт адам, мерзімінен шартты түрде бұрын босатылған 52 тұлға тексерілді. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасы шығарылған 92 азамат, ерекше талап қойылған сегіз тұлға және әкімшілік қадағалауда формальді түрде жататын жеті адам тексеріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.