Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бойжеткен өзін еркек деп таныстырып, азаматтарды алдаған

Алматыда бойжеткен өзін еркек деп таныстырып, азаматтарды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 25 жастағы Б.есімді азаматша тұтқындалды.

– Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткен өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Жоғары оқу орындарына түсуге грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде берген, сол үшін төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген “қызметке” байланысты болды, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Белгілі болғандай, бұған дейін оның заңмен еш қиындығы болмаған. Б.есімді азаматшаның әрекетінен зардап шеккен азаматтар полицияға мына телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады: 227-55-02; 8-702-448-63-37.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру