Шымкентте қару ережелерін сақтамаған тұрғынға айыппұл салынды
Шымкентте қару ережелерін сақтамаған тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіледі.
Абай АПБ-на қарасты учаскелік полиция инспекторлары заңды түрде тіркелген қару иесін тексеру барысында қару ережелерін дұрыс сақтамағанын анықтады. Қару иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.