Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Глубокое ауданында Қызыл кітапқа енген бірқазан құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Қызыл кітапқа енген бірқазан құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое ауданының Белоусовка ауылында табылған Қызыл кітапқа енген құсты полицейлер Өскемен қаласының ветеринарлық клиникасына тапсырды.

Глубокое аудандық ПБ кезекші бөліміне Белоусовка тұрғындарынан ауыл көшелерінің бірінде ерекше “қонақ” отырғаны туралы хабарлаған. Қоңырау шалушы ерекше құс біраз уақыттан бері қозғалыссыз отырғанын, маманның көмегіне мұқтаж болуы мүмкін екендігін жеткізген. Ақпарат келіп түсісімен тәртіп сақшылары дереу аталған мекенжайға асықты.

Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Мұратұлы Еркебұлан құсты қарап шығып, Өскемен ветеринарлық клиникасының мамандарын шақырту туралы шешім қабылдады. Дәрігерлердің келуіне дейін, полиция қызметкері жараланған құсты аш қаңғыбас иттердің шабуылынан қорғаған.
Жаралы құстың тағдырына алаңдаудамауға болады, себебі ол білікті де қамқор мамандардың қолына тапсырылды.

Осылайша, Белоусовка тұрғындары полиция қызметкерімен бірлесіп сирек кездесетін бірқазанды сақтап қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру