Шымкентте қоғамдық орындарда қайыршылық жасаған 43 адам анықталды
Шымкентте қоғамдық орындарда қайыршылық жасаған 43 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан 43 адам анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Барлық құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.