Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістандық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram қолданушыларының бірінің парақшасынан белгісіз ВАЗ-21070 көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызғаны бойынша бейнежазбаны анықтады.

Тексеру кезінде оқиға облыс орталығы – Түркістан қаласы көшелерінің бірінде орын алғаны белгілі болды. Жедел түрде жүргізілген іздестіру іс-шаралар нәтижесінде, Түркістан қалалық ПБ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ВАЗ жүргізушісі, яғни жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру