Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жалған полицей ұсталды

Семейде жалған полицей ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының тұрғыны “полиция қызметкері” болудың оңай жолын тапқан. Осылайша, ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күртесінің оң жақ сыртқы қалтасында өз атына полиция қызметкерінің құжатын сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Кейін табылған зат жалған болғаны белгілі болды.

Күдікті “құжаттың сыртын” сатып алған және полиция қызметкерінің қызметтік куәлігінің үлгісін тауып алып, оны өзіне қайта жасағаны анықталды. Құжатта полицей учаскелік полиция инспекторы ретінде тіркелген.

Семейлік бұл іске байыппен қарап, тіпті фотошоптың көмегімен тәртіп сақшысы кейпіндегі сурет жасап алған. Осылайша, бір-екі шертудің арқасында қарапайым жігіт “батыл” учаскелік полиция қызметкеріне айналған.

Ұсталған азамат өзінің достарына тәнті болу үшін фейк жасағанын айтып, өз кінәсін мойындады.
Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі (Жалған құжаттарды дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру