Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды

Шымкентте қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ нұсқауы бойынша қала аумағында адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу және әшекрелеу мақсатында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында республикалық «STOР-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған әйел анықталып, Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізілген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру