Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыдағы компьютерлік клубта 20 жастағы жігітті тонап кетті

Қарағандыдағы компьютерлік клубта 20 жастағы жігітті тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне компьютерлік клубтардың бірінде бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы жәбірленуші 20 жастағы жігіттен жауап алды. Жігіт әжетханада белгісіз біреудің шабуыл жасағанын түсіндірді.

Шабуылшы күш қолданып, жәбірленушінің ұялы телефонын алып, ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 20 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру