Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Қорғау» қосымшасы 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші ханымды анықтады

Шымкентте «Қорғау» қосымшасы 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші ханымды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды.

BMW көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 млн теңгеге жуық берешегі бар екендігі анықталды.

Тамерлан тас жолында тұрған көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді.

Төлеуден жалтарған әйелге оған борыштарын өтеу туралы ескертілді.

Темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын толық төлеген соң ғана қайтарып алады.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру